❤❤❤ басуды ұмытпаймыз😊😊😗😗 __________________________
Сүтті қыз торты (молочная девочка).
D- 22см , 10 дана корж шығады.
Қамырына:
500г қойылтылған сүт(сгущенка)
100г сары май 82%(слив.масло)
3 дана жұмыртқа
350г ұн
3 шəй қасық қопсытқыш (разрыхлитель)
1. Пісіруге арналған қағаздан (пергамен.бумага)10 дана төртбұрыш кестім( өлшемі 35см×35см). Əр қағазға диаметрі 22 см шеңбер сыздым. Духовканы 180°С - қызып тұруға қостым.
2. Қойылтылған сүт, жұмыртқа және өте жұмсақ сары майды венчикпен жақсылап араластырдым (қаласыңыз миксермен)
3. Ұн мен қопсытқышты елеп, жоғарыдағы қоспаға салып, жақсылап араластырдым. Қоюлығы қаймақ сияқты қамыр шығады.
4. 2-2,5 қасық қамырды дайындаған қағазға шеңберден асырмай, жұқалап біртегіс етіп жайып шықтым. 5-10 минут шамасында піседі. Духовкам конвекциямен болғандықтан бірден екі корждан пісірдім. Ал, сіз өз ыңғайыңызға қараңыз.
5. Ыстық корждарды суыттым, қағаздарын алдым. ☝️бірінің үстіне бірін қоймаған дұрыс, жабысады. 3-4-ін бірге коржды пісірген қағаздарын арасына салып қойдым (крем дайындағанша)
6. Корждардың шеттерін сəл ғана тегістеп кестім. Крем жағып тортты жинадым да, қалған кремге қызыл бояу қосып тек жанына жақтым. Малина, шоколадпен əрледім.
________________________________
✔крем:🔹️500мл сливки 33-35% 🔹️500г сүзбе(творог)🔹️150г қант ұнтағы (сах.пудра)🔹️ванилин 2г
Миксердің ыдысына сливки, қант ұнтағы және ванилин салып миксермен араластырдым. Аздап аппақ болып көпіргенде сүзбені салып жай араластырдым. Біртегіс болған кезде барып ең жоғарғы жылдамдықты қосып, аппақ түсті, тығыз крем болғанша миксерлеңіз.
☝️менде сүзбе крем тəрізді, қолмен ұстап көргенде түйіршіктері жоқ. Ал, сүзбеңіз мұндай болмаса, сүзбені сүзгіштен(сито) өткізіңіз (силиконды лопаткамен аз-аздан салып езіп өткіземін) . Кремде сүзбе мүлдем сезілмейді. ☝️кремін:сливки+сгущенка немесе крем чиз- бен алмастыруға болады.